Ресейді астық келісімін жалғастыруға көндіре алатын жалғыз лидер Ердоған – Украина

757

Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба айтты. 

Ресейді астық келісімін жалғастыруға көндіре алатын жалғыз лидер Ердоған – Украина Фото: inbusiness.kz

 Киевтің пікірінше, Түркия президенті ғана Ресейді астық келісімін жалғастыруға көндіре алады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 "Украина Путиннің Қара теңіз астық дәлізі келісіміне қайта оралуы үшін Ердоғанмен байланыс үстінде. Ал Ердоған осы мәселе бойынша Зеленскиймен де үнемі хабарласып отыр. Себебі бұл екі жақтың мүддесі. Біздің ойымызша Ердоған Путинді келісімге қайтара алатын жалғыз көшбасшы", - деді Кулеба.

Ресей-Украина соғысының жаһандық азық-түлік бағасына әсерін азайту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ресей, Түркия және Украина 2022 жылы 22 шілдеде Ыстанбұлда өткен жиында Қара теңіз астық дәлізі туралы келісімге қол қойған.

Бұл келісім осы жылдың 17-шілдесінде тоқтатылды. Кремльдің астық дәлізі туралы жасаған мәлімдемесінде: "Ресейге қатысты тиісті тармақтар орындалғаннан кейін ғана келісім қайтадан жалғасады", - делінген.

Ал Түрік көшбасшысы бұдан бұрын да Анкараның Қара теңіздегі астық келісімін қалпына келтіру бойынша Мәскеумен байланыстарын үздіксіз жүргізіп жатқанын айтты. Режеп Тайып Ердоған тамыз айында Ресей басшысы Владимир Путиннің Түркияға сапары барысында астық дәлізін ұзарту мәселесін талқыламақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу