Ресейді астық келісіміне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық – АҚШ

1814

Бұл туралы Американың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.    

Ресейді астық келісіміне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық – АҚШ Фото: Reuters

Энтони Блинкен Ресейді астық келісіміне қайтару үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатқандарын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ресейге жолдаған ұсынысына жауап күтіп отырғанын мәлімдеді. Анадолы агенттігінің хабарлауынша,Энтони Блинкен халықаралық француз радиосына берген сұхбатында Ресейдің Қаратеңіз астық дәлізі келісімінен шығуы мен қазіргі жағдайға қатысты пікірін білдірді. Ресейдің банк және жеткізу бойынша талаптарына да тоқталды:

"Біз бұл мәселе бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық. Мысалы, мен, біздің банктерге ресейлік астықтың экспортын толық қолдайтынымызды және ресейлік астық, көлік, сақтандыру және т.б. бойынша санкциялардан қорқудың қажеті жоқ деп хат жолдадым. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Ресейдің алаңдаушылығына қатысты ұсынысы дайын. Алайда Ресей бұған жауап бермеді. Негізінде Ресейдің жауабы Одесса портына шабуыл жасау және 220 мың тонна астықты құрту болды", - деді Блинкен.

Сондай-ақ, Блинкен Ресейдің талаптарына қатысты былай деді: "Бұл жерде мәселе ымыраға келу емес. Мысалы, Ресей өз астығын экспорттауда қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді, бұл дұрыс емес. Ресейдің астық экспорты Украинаға шабуыл жасамай тұрған жылдардағы көрсеткіштерден асып түсті. Осылайша Ресейдің экспорттық көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетіп отыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу