Ресейдің Белгород облысындағы полигонда теракт болып, 11 адам қаза тапты

732

Лаңкестер жойылды, лаңкестік оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. 

Ресейдің Белгород облысындағы полигонда теракт болып, 11 адам қаза тапты Фото: allnewspro.ru

Белгород облысындағы Батыс әскери округінің полигонында ТМД елдерінің бірінің екі азаматы теракт жасап, салдарынан 11 адам қаза тауып, 15-і жараланды, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости сілтеме жасап.

Бұл турлы РФ қорғаныс министрлігі мәлім еткен.

"Арнайы операцияға дайындалып жатқан еріктілермен атыс оқу-жаттығуы кезінде лаңкестер атыс қаруынан бөлімшенің жеке құрамын атқан", – деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Оқиға 15 қазан күні сағат 10.00 шамасында Валуйск ауданындағы әскери бөлімнің полигонында атыс оқу-жаттығу жиыны кезінде болғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу