Ресейдің бұрынғы премьері Михаил Касьянов "иноагент" болып жарияланды

466

Ол Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай Ресейден көшіп кеткен болатын.  

Ресейдің бұрынғы премьері Михаил Касьянов "иноагент" болып жарияланды Фото: РИА Новости

Ресейдің Әділет министрлігі 24 қарашада Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьяновты "шетелдік агент" деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар "иноагенттер" тізіміне тарихшы Илья Венявкин, Илья Давлятчин мен Идрис Юсупов есімді журналистер, "Люди" ЖШҚ енгізілді.

Михаил Касьянов саяси "Халық бостандығы партиясының" (бұрынғы "РПР – Парнас") төрағасы болған. 2000 жылдан 2004 жылға дейін Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы қызметін атқарды. Ол Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай Ресейден көшіп кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу