Қытай: Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауы қақтығыстың ушығуына әкеліп соқпауы тиіс

1097

Бейжің шиеленісті БҰҰ жарғысына сүйене отырып басу керек деп есептейді.  

Қытай: Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауы қақтығыстың ушығуына әкеліп соқпауы тиіс

Ресей Донецк және Луганск халық республикаларын мойындағаннан кейін, қақтығыстың ушығуына жол бермеу керек. Қытайдың СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз тараптарды ұстамдылық танытуға шақырамыз. Келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешіп, қақтығыстың ушығуына жол бермеу керек", – деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, Қытайдың Украина мәселесі бойынша ұстанымы өзгеріссіз қалады. "Біз барлық келіспеушіліктерді БҰҰ жарғысына сәйкес бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз", – деді ол.Ван Вэньбин Украина мәселесі тарихи факторларға байланысты күрделі болып саналады деп мәлімдеді.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу