Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауы оның соғысқа деген ұмтылысын білдіреді – Мемлекеттік департамент

1094

Сирия, Оңтүстік Осетия және Абхазия елдері Ресейдің бұл қадамын қолдады.

Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауы оның соғысқа деген ұмтылысын білдіреді – Мемлекеттік департамент Фото: ria.ru

Америка Құрама Штаттары Украина бойынша дипломатиялық шешім іздеуге дайын, бірақ Вашингтон Ресей Федерациясын қазіргі бағытын өзгертуге шақырады. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Президент Путиннің бүгінгі іс-әрекеттері жағдайды ушықтырып отыр. Мәскеудің дипломатияға емес, соғысқа ұмтылып отырғанын білдіреді", – деді ол.

"Біз алдағы уақытта одақтастарымызбен және серіктестерімізбен осыған қатысты талқылауларды жалғастырамыз. Біз қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік беретін дипломатиялық шешім табуға дайынбыз. Егер Ресей өз бағытын өзгертпесе, дипломатия жүзеге аспайды", – деп басып айтты Мемлекеттік департамент өкілі.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.
Ресейдің бұл қадамын АҚШ, ЕО, Түркия, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Молдавия, Грузия және тағы да басқа елдер айыптады. 

Сирия, Оңтүстік Осетия және Абхазия Путиннің бұл шешімін қолдады. Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірнеше күн бұрын ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауға кет әрі еместігін жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу