Ресейдің ірі мұнай-газ химиясы компаниясымен бірлесіп полиэтилен өндіру келісілді

971

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және СИБУР Қазақстандағы мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары жөнінде келісімдерге отырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ресейдің ірі мұнай-газ химиясы компаниясымен бірлесіп полиэтилен өндіру келісілді

XIV KAZENERGY Еуразиялық форум аясында "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және СИБУР компаниясы Атырау қаласындағы "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағындағы мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары жөніндегі келісімдерге қол қойды. Қол қойылған құжаттарға сәйкес тараптар біріктірілген газ-химиялық кешен негізінде бірлескен кәсіпорындарды құрудың талаптарын айқындады. Атап айтқанда, бұл жерде бүгінде қарастыру кезеңіндегі қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы, сондай-ақ салынып жатқан қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт туралы сөз қозғалып отыр. Осы бірлескен қос кәсіпорындағы СИБУР компаниясының үлесі 40%-ды құрайтын болады. СИБУР-дың бірлескен кәсіпорындарға қатысуы барлық қажетті реттеуші келісімдер алынғаннан кейін және полипропилен өндіретін зауыт пайдалануға берілген соң іске асырылады.

"Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес "ҚазМұнайГаз" компаниясы ұлттық мұнай-газ химиясы саласын қалыптастыру жолында жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын аяқтаймыз. 2022 жылдың басында оны іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстың жалғасы ретінде полиэтилен өндіру жобасының жүзеге асырылуы басталады. СИБУР компаниясы мол тәжірибесі мен қажетті технологиясы бар сенімді серіктесіміз бола алады деп ойлаймын. Бұдан бөлек, біздің ынтымақтастығымыз қазақстандық өнімді өткізудің қосымша нарықтарына жол ашпақ", – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу