Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі тарихи антирекорд орнатты

411

2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы сомасы 39,8 млрд доллардың тауары әкелінді.  

Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі тарихи антирекорд орнатты Фото: inbusiness.kz

Оның 26,7%-ы Ресейдің үлесіне тиді. Бұл көрсеткіш Ресей үшін статистикада көрсетілген барлық кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш болды, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

DataHub жазуынша, бұл үлес бірден 10,7 пайыздық тармақшаға түсті. 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Ресей Федерациясы жалпы импорттың 37,4%-ы тиесілі болған. Абсолютті түрде қазіргі 10,6 миллиард долларлық көрсеткіш өткен жылғы шамаға қарағанда 9%-ға жуық азайған.

Ресейдің үлесі азайып жатқанда, Еуропа Одағы мен Қытайдың көрсеткіштері керісінше белсенді түрде өсіп жатыр. ЕО жалпы құрылымда 4,1 пайыздық тармақша, Аспан асты елі 3,4 пайыздық тармақша қосты: тиісінше 18,4% және 25,1%.

Абсолютті сандарда ЕО көрсеткіштері 66%-ға ұлғайған: 7,3 млрд доллар. Қытайдың өсімі шамалы: +49% (6,7 млрд доллардан 10 млрд долларға дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу