Ресми мәліметке сүйенсек, аталған облыста пастереллездің 5 ошағы және құтырудың 42 жағдайы тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап.
Новосібір облысында шамамен 90 мың бас ірі қара бар. Облыста төтенше жағдай Ресей ауыл шаруашылығы министрі Андрей Шинделов төтенше жағдай режимі індетке қарсы іс-қимылды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
"Індеттің өршуіне жабайы аңдар себеп болуы мүмкін", – деген болжам айтты.
Қыста ауа температурасы тұрақсыз болса жабайы жануарлар қорек іздеп төрт түлік мал жайылымына жақындайды.
Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, Новосібір облысында құтыру және пастереллез ауруының өршуі Купинск, Карасук, Баган, Красноозер және Ордын аудандарында малдарды жоюға алып келді.
Ірі қара малынан айырылған отбасылардың әрқайсысына мемлекеттен өтемақы ретінде 668 000 рубльден берілмек.
Айта кетейік, Ресейдің Новосібір облысы оңтүстік-батысында Қазақстанмен шектеседі. Павлодар мен Новосібір арасы тас жолмен 589 шақырымды құрайды.