Ресейдің мұнай экспортынан түсетін кірісі қаншалықты өскені есептелді

336

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қыркүйегінде Ресей 2022 жылдың шілдесінен бастап санағанда мұнай экспортынан ең көп табыс тапты.  

Ресейдің мұнай экспортынан түсетін кірісі қаншалықты өскені есептелді Фото: Акчабар

Агенттіктің ай сайынғы есебінде Ресей пайдасын 1,8 миллиард долларға арттырғаны көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz.

Қыркүйек айында Ресей экспортты тәулігіне 460 мың баррельге, жалпы көлемде 7,5 миллион баррельге дейін арттырған. Осы айдағы табыс 2022 жылдың шілдесінен бергі ең ірі олжа болып отыр.

"Ресейдің мұнай экспортынан түскен кірісі қыркүйекте 1,8 миллиард долларға өсіп, 2022 жылдың шілдесінен бастап ең жоғары деңгейге жетті, бұл жалпы көлемнің өсуінің (айлық есепте тәулігіне +460 мың баррель) және Ресей мұнайының орташа өлшенген бағасының (бір айда барреліне +8 доллар) және мұнай өнімдерінің өсуінің арқасында", — делінген ХЭА баяндамасында.

Қыркүйек айында ресейлік экспорттаушылардың жиынтық кірісі шамамен 18,8 миллиард долларды құрады.

ХЭА мәліметтері бойынша, оның көп бөлігін Қытай мен Үндістан сатып алды. Аспан асты елі қыркүйек айында жеткізілімді тәулігіне 270 мың баррельге арттырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу