Ресейдің мұнай мен газдан түсетін табысы күрт төмендеді

154

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.  

Ресейдің мұнай мен газдан түсетін табысы күрт төмендеді Фото: delo.ua

Былтыр Ресейдің федералдық бюджетіне мұнай мен газдан түсетін түсімдер 2024 жылға қарағанда 23,8%-ға азайды. Сондай-ақ, тиісті көрсеткіш 2020 жылдан бергі ең төмен деңгейге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресейдің Қаржы министрлігінің дерегінше, мұнай-газ саласынан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке келетін кірістердің шамамен төрттен бірін алады. 2025 жылы ол 8,48 триллион рубльге жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,65 триллион рубльге аз.

Соңғы рет мұнай-газ секторының салықтық түсімдері 2020 жылы төмен болған: 5,24 триллион рубль. Бұған пандемия мен мұнай нарығының құлдырауы әсер еткен болатын.

"Нақты түсімдер Қаржы министрлігінің бастапқы болжамынан да аз. Бастапқыда министрлік 2025 жылы мұнай-газ түсімдері 10,94 триллион рубльге дейін жетеді деп жоспарлаған. Бірақ та, қара алтын бағасының төмендеуі мен рубльдің нығаюы себебінен бұл жоспар қайта қаралды. Осылайша энергетикалық ресурстарды сатудан түскен табыстың көлемі шамамен төрттен бірге қысқарды. Күзде министрлік жылдың соңында 8,65 триллион рубль жинауды көздеген болатын. 2024 жылы бұл көрсеткіш 11,13 триллион рубль еді", – деп жазады ресейлік БАҚ.

Өткен жылдың желтоқсанында сектордан түсетін түсімдер 447,8 миллиард рубльге дейін азайды. 2024 жылдың желтоқсанына қарағанда энергетикалық ресурстардан түсетін түсімдер 43,3%-ға, ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда 15,7%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу