Ресейдің шапқыншылығы аяқталмай тұрып, Украина НАТО-ға кіруі мүмкін

498

Пентагонның басшысы Ллойд Остин альянстың "ашық есік" саясатынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Ресейдің шапқыншылығы аяқталмай тұрып, Украина НАТО-ға кіруі мүмкін

Украинаның вице-премьері Ольга Стефанишина Ресейдің шапқыншылығы аяқталғанға дейін Украина НАТО-ға кіруі мүмкін деп мәлімдеді. 

Стефанишина Киев бірнеше рет Украинаны одаққа қабылдауын сұрағанын еске салды. Оның айтуынша, енді Брюссель бұған қатысты түпкілікті шешімді қабылдауы керек. 

"Мен бұл туралы егжей-тегжейлі айтқым келмейді, бірақ НАТО-ға кіру туралы шешім Ресейдің арнайы операция аяқталғанға дейін қабылдануы мүмкін", – деді ол. 

Бұған дейін Пентагонның басшысы Ллойд Остин Украина НАТО-ға болашақта кіретінін айтқан болатын. Ол альянстың "ашық есік" саясатынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

"Егер мұндай мүмкіндік болса, Украина НАТО-ға мүшелікке қайта өтініш береді деп ойлаймын", – деді ведомство басшысы.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу