Ресейдің соғыс бастауына НАТО мен АҚШ-тың еш қатысы жоқ — Путин

808

Ресей тарапынан соғыстың басталуына Владимир Путин тарихи алғышарттардың барын айтып, орыс әлемінің қалай құрылғанын айтып берді.  

Ресейдің соғыс бастауына НАТО мен АҚШ-тың еш қатысы жоқ — Путин Фото: depositphotos/Aquir014b

"Украинец" деген сөздің өзі шетте тұратындар дегенді білдіреді, яғни бұл белгілі бір ұлттың барын білдірмейді, тек адамдардың шекаралық қызметте істейтінін меңзейді. Бұл туралы Ресей президенті америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында айтты.

Америкалық журналист Такер Карлсон сұхбат бастала салысымен өз елі үшін, АҚШ үшін маңызды сұрақтан бастады. Ресей Украинаға соғысты АҚШ пен НАТО шабуылынан қорғану үшін бастады ма? 

"Мәселе Американың шабуылдау мүмкіндігінде емес. Мен олай ешқашан айтқан емеспін. Қандай форматта сөйлесеміз? Қазір ток-шоу жүріп жатыр ма? Әлде біз байыпты әңгіме жүргіземіз бе?" — деп жауап берді Путин.

Журналистің байыпты әңгіме жүргізуге ниетін білгеннен кейін, Путин Ресей тарапынан соғыстың басталуына тарихи алғышарттардың болғанын айтып, тарихқа көз жүгіртіп, "украина" ұлтының болмағанын, сонау 862 жылдан бастап құрылған Ресейдің құрамында болғанын алға тартты. 

"Украинец" деген сөздің өзі шетте тұратындар дегенді білдіреді, яғни бұл белгілі бір ұлттың барын білдірмейді, тек адамдардың шекаралық қызметте істейтінін меңзейді. Оларға мұндай атауды поляктар поляктандыру саясатын жүргізген кезде олардың орыс екенін ұмыттыру үшін берген", — деді В. Путин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу