Ресейдің тауар айналымы індетке дейінгі деңгейге оралды

791

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға жоғары. 

Ресейдің тауар айналымы індетке дейінгі деңгейге оралды

Ресейде бірінші жарты жылдықта кеден ел бюджетіне 2,960 трлн рубль аударды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Федералды кеден қызметінің басшысы Владимир Булавиннің баяндамасына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Ресей 2021 жылы тауар айналымының көлемі бойынша 2019 жылғы деңгейге оралды. 

"2021 жылдың алғашқы алты айында тауар айналымы 340 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Әсіресе көліктер, механизмдер, технологиялық желілер, пластмассадан жасалған бұйымдар көп әкеліне бастады. Бұл Ресей экономикасының жанданғанын көрсетеді", – деді Булавин.

Ресейдің негізгі сауда серіктестерінің ішінде Қытай бірінші орында. Одан кейін орындарда – Германия, Нидерланд, Беларусь және АҚШ.

Ресми дерек бойынша, қаңтар және маусым аралығында Ресейдің Қытаймен арадағы тауар айналымының көлемі 61,9 млрд долларға дейін өскен (+ 27,7%). Басқа елдермен арадағы алыс-беріс: Германия (25,8 млрд доллар, + 33,6%), Нидерланд (20,5 млрд доллар, + 36%), АҚШ (16,1 млрд доллар, + 30,1%), Оңтүстік Корея (14,6 млрд доллар, + 56%), Түркия (14,2 млрд доллар, + 43,7%), Италия (12,2 млрд доллар, + 30,5%), Британия (11,4 млрд доллар, + 12%), Франция (9,5 млрд доллар, + 50,9%)және Польша (9,2 млрд доллар, + 34,9%).

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу