Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды

774

Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды

Байқоңырдың жері өзімізге қайтарылғанымен Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды, деп хабарлайды ktk.kz.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанға қайтарылатын 11,5 мың гектар жердің болашағына  қатысты жауап берді: "Халықтың да саны өсті. Құрылыс та жүріп жатыр. Халыққа да жер керек қой. Одан кейін инфрақұрылым өткізу керек. Соның барлығына Қызылорда облысының әкімшілігімен келісім жалдан жерді қайтарып жатырмыз. Ешқандай қауіп жоқ. Ол деген Төретам мен Ақайдың төңірегіндегі жер. Ол таза жер", - дейді Бейбіт Атамқұлов.
Министрдің сөзінше қайтарылғалы жатқан жер ғарыш айлағының аумағына мүлдем кірмейді. Оның аумағында қауіпті қалдықтар жоқ. Жақын арада ғарыш айлағының тағы үш алаңы өзіміздің бақылауымызға өтпек.
Десе де, Ресейдің жалдап отырған жері тарылғанымен, жылына төлейтін 115 млн доллар немесе 50 млрд 132 млн теңге көлеміндегі сома өзгеріссіз қалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу