Бұл туралы Краснодар өлкесінің жедел штабы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, өртті сөндіруге 276 адам мен 77 техника жұмылдырылған.
Терминал 20 сәуірге қараған түні украиналық дрондардың соққысынан кейін өртенген. Бұл – сәуір айындағы екінші шабуыл.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған. Бұған дейін 16 сәуірде шыққан алғашқы өрт тек 20 сәуірде ғана толық сөндірілген болатын.
Аталған мұнай құю терминалы Туапсе мұнай өңдеу зауытымен біртұтас өндірістік кешен ретінде жұмыс істейді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік бірнеше күн бойы жағдай туралы толық ақпарат бермеген. Мектептер де уақытында жабылмаған. Тек үшінші күні ғана жедел штаб қала аумағында өрт тарағанын ресми түрде мойындады. Себебі, 22 сәуірде аспаннан қара күйе жауған. Билік өкілдері бірнеше ықшамаудан тұрғындарына сыртта аз жүруге және терезе ашпауға кеңес берген.
Дрон соққылары салдарынан мұнай өнімдері теңізге және Туапсе өзеніне түскен. 20 сәуірде билік өзенге 750 метрлік бонды бөгеттер орнатылғанын және арнайы құрылғылар арқылы мұнай қалдықтары жиналып жатқанын хабарлаған.