Мұндай жағдайда әртісті Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтып отыр. Оған Мәжіліс кулуарында аталған жағдайға қатысты сұрақ қойылған.
– Біріншіден, шетелдік органдардың шешіміне біз пікір білдіре алмаймыз. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрген ақпараттың бәрі тексеріліп жатыр. Ол зерттеуді қажет етеді. Ал БАҚ-та айтылып жүрген Қылмыстық кодекстің 170-бабы (Жалдамалылық) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады, – деді бас прокурордың орынбасары.
Еске салайық, осыған дейін Мәскеудегі Истра қаласының басшысы ресми Telegram-арнасынан Нұрлан Сабуровтың "арнайы әскери операцияға" қатысушы жауынгерлерге көрсеткен гуманитарлық көмегі туралы жазбаны өшірді.
Ол өткен жылдың 7 шілдесінде жарияланған еді. Онда Истра ауданында тұрған Сабуровтың "Вагнер Легионы Истра" деп аталатын бөлім жауынгерлеріне 10 питбайк тапсырғаны бейнеленген.
6 ақпанда танымал әзілкешке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланды.