Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізуде – СІМ басшысы

437

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның NHK  телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz КазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізуде – СІМ басшысы Фото: liter.kz

"Ресей мен Қазақстан арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатылған, шын мәнінде Қазақстан экономикасына Ресейге қарсы санкциялар кері әсерін тигізді. Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қатыспайды әрі әртүрлі компаниялардың санкцияларды айналып өту аймағына айналмайды деген қағиданы ұстанады. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы бүгінгі қарым-қатынасты жалғастырамыз", - деп жауап берді ведомство басшысы телеарнаның Ресей-Украина соғысының әсері туралы сауалына.

Министр Қазақстанның екі мемлекетпен де достық қарым-қатынаста екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі тарапты бұл қақтығысты шешудің бейбіт және дипломатиялық жолын табу үшін келіссөздер үстеліне отыруға шақырғанын да атап өтті.

"Қазақстанның көлік және логистика үшін транзиттік пункт ретінде даму әлеуетіне ерекше назар аударылады. Бұл шетелдік инвестицияларды тартып, Еуропа мен Азияны біріктіретін орталыққа айналады деп ойлаймын", – деді Мұхтар Тілеуберді.

Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынастарға тоқтала келе көптеген шетелдік компанияның Ресейдегі санкцияларға байланысты өз қызметін тоқтатқанына, кеңселерін жапқанына назар аударды. Сол кезеңде Қазақстан ол компанияларға елімізге көшіп, кеңселер ашуды ұсынғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу