Ресейге Қазақстан арқылы өтпек болған 2 шетелдік депортацияланды

248

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын елден шығарды.  

Ресейге Қазақстан арқылы өтпек болған 2 шетелдік депортацияланды Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында  "Заңсыз келуші-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазан айының басында Солтүстік Қазақстан облысының шекара маңындағы Уәлиханов ауданының тұрғыны күдікті шетелдіктер туралы полицияға хабарлаған.

Араб тілінде сөйлескен 2 жас жігіт телефондағы аудармашы арқылы бірнеше күн бойы жаяу жүріп, жұмыс іздеп Ресейге жетпек болғандарын айтқан. Жергілікті тұрғыннан шекараны қай тұстан кесіп өткен ыңғайлы екенін нақтылаған. Аталған жайтты ауыл тұрғыны дереу көші-қон қызметіне хабарлапты.

Полицейлер ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп, шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады. 

Жалпы 3 күн ішінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде 120 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал 9-ы жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған.

Полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарды тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу