Ресейге кіретін Грузия азаматтары үшін визасыз режим енгізілді

477

Грузия азаматтары дүйсенбіден бастап Ресейге визасыз кіре алады. 

Ресейге кіретін Грузия азаматтары үшін визасыз режим енгізілді Фото: Tourdom.ru

Грузия азаматтары үшін 2000 жылдан бері қолданылып келе жатқан визалық режим Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің 10 мамырдағы Жарлығымен жойылды, деп жазады inbusiness.kz Edaily сайтына сілтеме жасап.

Грузия азаматтары шекарадан өтерде төлқұжатын көрсетіп, Ресейде 90 күнге дейін еркін жүре алады.

Тағы бір жарлықпен Путин 2019 жылдан бастап Грузияға ресейлік авиакомпаниялардың ұшуына және турларды сатуға тыйымның күшін жойды.

Тбилиси мен Мәскеу арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру 10 мамырдан бастап ресми түрде мүмкін болды, бірақ Мәскеу мен Тбилиси арасындағы авиакомпаниялардың рейстері нақты қашан ұша бастайтыны әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу