Ресейге құрлық шекарасы арқылы кірген кезде ПТР-тест талап етілмейтін болды

2242

Биыл 1 сәуірден бастап Ресейге құрлық шекарасы арқылы кірген кезде ПТР-тест талап етілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz еліміздің елшілігіне сілтеме жасап.

Ресейге құрлық шекарасы арқылы кірген кезде ПТР-тест талап етілмейтін болды

Бұл туралы Ресей Федерациясы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2022 жылғы 30 наурыздағы  №10 қаулысында жазылған. 

Құжатқа сәйкес, биыл 1 сәуірден бастап Ресейге құрлық шекарасындағы өткізу пункттері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары коронавирустың бар-жоғына тест тапсырмайды және тиісті сауалнама толтырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу