Ресейге салынған санкциялардан Қытай пайда тауып отыр

640

Сұйытылған табиғи газдың қымбаттауы мен сұранысқа ие болуы Қытай экономикасы үшін оңтайлы жағдай жасап отыр.  

Ресейге салынған санкциялардан Қытай пайда тауып отыр

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс басталғалы бері екіжақты санкциялардан Мәскеу ғана емес, күллі Еуропа да зардап шегуде. Жақында Ресей "Северный поток" газ құбырын белгісіз мерзімге өшіргеннен кейін, бір аптаның ішінде табиғи газдың еуропалық бағасы шарықтап кетті. Ресми деректерге сүйенсек, жұмыс техникалық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты тоқтатылған, бірақ сарапшылар Кремль Батысқа қарсы экономикалық соғыс жүргізіп жатыр деп мәлімдейді. Сұйытылған табиғи газдың қымбаттауы мен сұранысқа ие болуы Қытай экономикасы үшін оңтайлы жағдай жасап отыр.

Қытай ресейлік СТГ-ны үлкен жеңілдікпен сатып алып, оны едәуір қымбатқа сатады, деп хабарлайды Bloomberg трейдерлердің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай "Сахалина-2"-ден желтоқсан айына дейін жеткізіліп тұратын бірнеше газ партиясын ағымдағы көтерменің бағадан екі есе арзанға сатып алған. Осылайша, ҚХР өте тиімді келісім жасасып отыр, себебі санкцияға байланысты Оңтүстік Корея мен Жапония ресейлік сұйық газды сатып алудан бас тартқандықтан, қытайлықтар артығын Еуропаға қайта сата алады.

"Известия" ҚХР кеденінің деректеріне сілтеме жасап, Ресейден 2022 жылдың алғашқы алты айында $2,16 млрд сомасына 2,35 млн тонна отын импортталып, Ресейден Қытайға Сібірдегі құбыр арқылы сұйытылған табиғи газдың (СТГ) импорты 63%-ға артқанын хабарлады.

"Сарапшылар сатып алынған СТГ мөлшері Қытайдың ішкі сұранысынан асып түсетінін және Пекин әкімшілігі ресейлік СТГ-ны энергетикалық дағдарысқа ұшыраған Еуропа елдеріне сатып жатқанын атап өтті", – делінген хабарламада.

Сарапшылар Қытай трейдерлері үшін айтарлықтай жеңілдік жасалып жатқанына қарамастан, мұндай сауда тек ҚХР-ға ғана емес, Ресей Федерациясына да пайдалы, өйткені Батыстың қатаң санкциялары жағдайында Ресей табиғи ресурстарды сатудан кіріс алу мүмкіндігінен айырылған жоқ. Ал Қытай ресейлік газ саудасынан қосымша табыс алады.

Агенттік осы жылдың тамыз айында Ресейден Қытайға СТГ импорты шарықтау шегіне жеткенін, ал АҚШ еуропалық нарықтың бір бөлігін жоғалтқанын атап өтті. Пекин ЕО-ға АҚШ ұсынған бағадан төмен баға бойынша 4 миллион тонна СТГ жіберді.

Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяны қамтитын Шығыс аймақтық нарықтардағы ресейлік сұйытылған газға жеңілдік көктемде 10%-дан асты. РФ үшін СТГ өндірудің өзіндік құнының деңгейі мен сатудың қалыптасқан шарттарын ескере отырып, қазіргі мәмілелер Ресей үшін де, Қытай үшін де пайдалы.

Мұның бәрі бүкіл Еуропадағы бизнеске зиян тигізуде. Әсіресе, арзан ресейлік газға әбден үйреніп қалған өнеркәсіптер зардап шегуде. Олардың ішінде ең осалы – химия өнеркәсібі. Осы аптада неміс химиялық алпауыты BASF жанармай тапшылығына байланысты өндірісті одан әрі қысқарту қажет болуы мүмкін екенін ескертті.

Әлемдегі ең ірі химиялық өндіруші Қытай үшін Еуропадағы орын алған қиындықтар пайда табу көзіне айналуы мүмкін. Huachuang Securities брокерлік фирмасының мәліметтері бойынша, Еуропадағы энергетикалық дағдарыс кезінде Қытай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада пайда табуы ықтимал.  

Қытайлық химиялық кәсіпорындар энергия шығындарын төмендетуден пайда көреді. Табиғи газдың еуропалық бағасы қазіргі деңгейден төмендесе де, оның бұрынғы деңгейге оралуы екіталай.

Huachuang сарапшыларының пікірінше, бұл жағдай Қытайдың химия өнеркәсібін модернизациялаудың тамаша мүмкіндігі.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу