2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша Қазақстанның Ресейге сыра экспорты айтарлықтай өскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Экспорт көлемінің артуымен Қазақстанның Ресейге сыра жеткізуші елдер рейтингінде көрсеткішін жақсартты. Бір жыл бұрын республика сегізінші орында болса, биыл екінші орынға дейін көтерілген.
Ресей нарығындағы көшбасшылықты Қытай сақтап тұр. Үш ай ішінде қытайлық сыра жеткізілімінің көлемі 9,9 миллион долларға жетті. Үздік үштікті Армения түйіндейді. Ал бұған дейін екінші орында болған Германияның көрсеткіші күрт төмендеп, экспорт көлемі алты еседен астам қысқарған.
Сарапшылар Ресей нарығындағы жеткізілімнің өзгеруін Еуропа елдерінің экспорт көлемінің қысқаруымен және балама нарықтардан келетін өнім үлесінің артуымен байланыстырады.