Ресейлік депутат Владимир Жириновский қайтыс болды

880

76 жастағы ресейлік депутат Владимир Жириновский қайтыс болды. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейлік депутат Владимир Жириновский қайтыс болды

"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды. Әлемнің құрылымын терең түсінетін және көп нәрсені болжаған жарқын, талантты саясатке еді. Мемлекеттік Думадағы РЛДП фракциясының жетекшісі. Ол әрқашан істің ортасында болды. Ол тұлғалық болмысы соншалықты биік, онсыз  Ресейдің қазіргі саяси жүйесінің даму тарихын елестету қиын... Біз үшін бұл орны толмас қаза. Ол туралы жарқын естелік әрқашан біздің жүрегімізде болсын", - деп жазды Володин телеграм-каналда.

Айта кетсек, Владимир Жириновский Алматыда туып-өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу