Ресейлік ғарышкер, Ресей Батыры Олег Артемьев әлеуметтік желідегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) түсірілген Балқаш көлінің бірегей суреттер топтамасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орбитадан түсірілген кадрлардан көлдің ерекше жарты ай пішіні мен оның айналасындағы ландшафт анық байқалады. Осы орайда жазба авторы әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал тастап, Балқаштың әсемдігіне тәнті болды.
– Сіздер үшін Халықаралық ғарыш станциясы бортынан әр жылдары түсірілген Балқаштың суреттер жинағын дайындадым. Сіздерге қай сурет көбірек ұнады? – деп жазды ғарышкер Instagram-дағы парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу