Ресейлік компания еліміздің солтүстігінде 2 күн электр станциясын салады

817

Алдағы екі жылда "Хевел" компаниялар тобы Қазақстанның баламалы энергия көздері саласында қуаттылығы 300МВт болатын жобаларды іске асырады. 

Ресейлік компания еліміздің солтүстігінде 2 күн электр станциясын салады

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Хевел" ЖШС компаниялар тобы арасында баламалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Хевел" компаниялар тобының девелоперлік бөлігі – "Авелар Солар Технолоджи" ЖШС Қазақстанның оңтүстік аумағында жалпы қуаттылығы 70МВт (20 МВт и 50 МВт) болатын екі күн электр станциясын салу бойынша аукциондық сауданың жеңімпазы деп жарияланды.

Қол қою Петербордағы халықаралық экономикалық форум аясында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің  "Хевел" компаниялар тобының бас директоры Игорь Шахраймен кездесуі барысында өтті.

Меморандумға сәйкес, "Хевел Казақстан" Қазақстандағы күн энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыру үшін инвестициялау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Инвестиция көлемі жобалардың талаптарына сәйкес анықталатын болады.

актілеріне баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Құжаттар баламалы энергия көздерін табысты дамытуға және осы саладағы инвесторларды қолдауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу