Ресейлік компания Қазақстандағы "Бақсы" кен орнының 75% үлесін сатып алды

Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік компания Қазақстандағы "Бақсы" кен орнының 75% үлесін сатып алды Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдегі ең ірі күміс және алтын өндіруші кәсіпорын Polymetal International plc компаниясы жоба серіктестерінің бірінің үлесін сатып алу опционын өткізу арқылы "Бақсы" кен орнындағы (Қазақстан) үлесін 75%-ға дейін ұлғайтты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

"Біз кен орнында белсенді барлауды жалғастыруды, минералды ресурстарды JORC стандарты бойынша бағалауды жоспарлап отырмыз", – деп мәлімдеді Polymetal International plc бас директоры Виталий Несис.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың көктемінде Ресей Федерациясындағы Polymetal акционерлік қоғамы SDN тізіміне енгізілген. Бұл ретте кәсіпорын басшылығы  компанияның Қазақстандағы активтері санкцияға ұшырамайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар кәсіпорынды Британияның Джерси аралынан Қазақстанға көшіретінін хабарлаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу