Ресейлік миллиардерлер саны рекордтық деңгейге жетті

173

Алдыңғы рекорд 2025 жылы тіркелген, сол кезде тізімге 146 ресейлік енген.

Ресейлік миллиардерлер саны рекордтық деңгейге жетті Фото: canva.com

2026 жылы Forbes журналының жаһандық рейтингінде ресейлік доллар миллиардерлерінің саны 155 адамға жетіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Өсім бір жылда тоғыз адам болды. Бұл ең алдымен Ресей экономикасының Орталық банктің жоғары негізгі мөлшерлемесі мен санкциялар қысымына байланысты баяулауынан болды. Екінші жағынан, доллардың әлсіреуі ресейлік миллиардерлерге пайдасын әкелді – рубль жыл ішінде 16%-ға нығайды, – деп жазды Forbes. 

Ең дәулетті ресейліктердің жалпы байлығы да бір жылда 696,5 млрд долларды құрайтын жаңа рекордтық деңгейге жетті. Тізім басында "Северсталь" компаниясының негізін қалаушы Алексей Мордашовтың есімі тұр – кәсіпкер мен оның отбасының байлығы жыл ішінде рекордтық 37 млрд долларға дейін өсті.

Алдыңғы екі жыл бойы Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде "Лукойл" мұнай компаниясының акционері Вагит Алекперов көш бастап тұрған. 2025 жылдың қазан айында АҚШ Қаржы министрлігі мұнай компаниясына қарсы санкциялар енгізді: Мәскеу биржасында "Лукойл" акцияларының бағасы бір жыл ішінде шамамен 30%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу