Ресейлік ұшақ шұғыл түрде Қазақстан әуежайына қонды

636

Бұл туралы E1 порталы жолаушыларға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz. 

Ресейлік ұшақ шұғыл түрде Қазақстан әуежайына қонды Фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы

Түркиядан ұшқан ресейлік ұшақ Қазақстанға шұғыл қонды.

Рейсті Red Wings авиакомпаниясының ұшағы орындағаны атап өтілді. Әуе кемесі Анталиядан Екатеринбургке ұшқан, алайда шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды.

Жолаушылардың айтуынша, оларға техникалық ақау туралы хабар берілген. Кейін олар ұшақтан шығарылып, кедендік бақылаудан өткен.

Портал Кольцово онлайн-таблосының мәліметтері бойынша, ұшақ Екатеринбургте сағат 12:50-де болуы керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу