Ресейліктердің президентке деген сенім деңгейі 78,5%-ды құрайды

578

Соңғы аптада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге деген сенім деңгейі 0,4%-ға артып, 78,5%-ды құрады. 

Ресейліктердің президентке деген сенім деңгейі 78,5%-ды құрайды Фото: РБК

Бұл туралы Inbusiness.kz Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы келтірген деректерге сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің қызметін қолдайтындар көрсеткіші 74,9%-ды құрады. Ресей Федерациясы Үкіметінің қызметін респонденттердің 49,7%-ы, ал Үкімет төрағасы Михаил Мишустиннің жұмысын респонденттердің 52,4%-ы мақұл көреді. Мишустинге деген сенім көрсеткіші — 61,3%.

Рейтингке үш парламенттік партияның басшылары да қосылды. Сонымен, РФКП ОК төрағасы Геннадий Зюгановқа 34,2%, "Әділ Ресей — шындық үшін" көшбасшысы Сергей Мироновқа — респонденттердің 31,1%-ы сенім артады. Бірақ ЛДПР көшбасшысы Леонид Слуцкийге сенім деңгейі төмендеп, бар болғаны 15%-ды, "Жаңа адамдар" партиясының төрағасы Алексей Нечаев — 8,5% ғана жинады.

Телефон арқылы сауалнама 19-25 желтоқсан аралығында жүргізілді, оған 18 жастан асқан 1600 ресейлік қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу