Ресми: 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды

378

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ресми: 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында қаулы етемін:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", –  делінген Жарлықта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу