Ресми сапармен Қазақстанға келген Иордания Королін Ақордада қарсы алу рәсімі өтті

140

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми сапармен Қазақстанға келген Иордания Королін Ақордада қарсы алу рәсімі өтті Фото: akorda.kz

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

 Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу