ResmiQazTest: Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуі жаңаша тексеріледі

1567

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тестілеудің соны форматын енгізгелі жатыр.

ResmiQazTest: Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуі жаңаша тексеріледі

Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінде мәтін жазып, көпшілік алдында сөйлей білуі енді жаңа әдіспен тексеріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тестілеудің соны форматын енгізгелі жатыр. Олар қазақ тілін деңгейлік оқыту тұжырымдамасы негізінде "ResmiQazTest" жүйесін ойлап тапты. Тест негізінен ересек аудиторияға арналған және ғылыми, ресми, публицистикалық стильде жүйелі мәтіндерді жазу қабілетін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын бағалауды көздейді.

Әлемдік тәжірибеге сай әзірленген ResmiQazTest 4 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта аталған тестілеу жүйесі мемлекеттік басқару академиясына түсетін үміткерлер арасында пилоттық форматта сынақтан өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу