Respublica партиясы Маңғыстау облысында Каспий теңізінің акваториясында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету үшін 100 млн теңге бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Партия өкілдері қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен әскери қызметшілерге тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Respublica бүкіл елмен бірге қайғырады", – делінген партия хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу