Республика бойынша 2 орман өрті тіркелді

261

Өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Республика бойынша 2 орман өрті тіркелді Фото: canva

2026 жылғы 16 қазанда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген екі өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды. 

Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде өрттер кең аумаққа таралмай, қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. 

Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу