Республика күні қарсаңында Алматыда Ұлттық ұлан жаңа қызметтік автокөліктер алды

135

Игі шара еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі саналатын Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Республика күні қарсаңында Алматыда Ұлттық ұлан жаңа қызметтік автокөліктер алды Фото: Ұлттық ұлан

Республика күні қарсаңында Кеңес Одағының батыры, полковник Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімі Toyota Hilux маркалы жаңа қызметтік автомобильдерді алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты рәсім барысында әскери бөлім командирі полковник Бақыт Баймағұлов жаңа қызметтік көліктердің кілтін жеке құрамға табыстап, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Көліктердің кілттері табысталған соң, сарбаздар мен офицерлер жаңа көліктерімен сап түзеп, салтанатты шеруге қатысты.

Бұл шара – Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының материалдық-техникалық базаны нығайту, заманауи автокөлік паркін жаңарту және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға бағытталған кешенді жұмыстарының бір бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу