Республика күні қарсаңында Ұлттық ұланның авиациялық базасының әскери қызметшісі капитан Дастан Құсайынов Ан-74 әскери-көлік ұшағымен алғашқы дербес ұшуын орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқу-жаттығу барысында ол ұшақты әуеге көтеруден бастап қондыруға дейінгі негізгі кезеңдерді өз бетінше орындады. Дайындық белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілді.
Алғашқы дербес ұшу әскери ұшқыштың кәсіби даярлығындағы маңызды кезең саналады. Бұл жетістік капитанның ұшақты өздігінен басқаруға дайын екенін көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу