Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 8 жаңа медициналық нысан ашылды

94

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлді.

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 8 жаңа медициналық нысан ашылды Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайту шаралары қабылдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жұмыс аясында өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, олар – елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория.

Өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылуда. 

Жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілген ауылдар:

  • Жалғызағаш және Қайнар (Ескелді ауданы);
  • Сарытөбе (Панфилов ауданы);
  • Жаңалық (Ақсу ауданы);
  • Қаратал (Көксу ауданы);
  • Оян (Қаратал ауданы).

Сонымен қатар Алакөл ауданы Жайпақ ауылында дәрігерлік амбулатория мен Қайнар ауылында ФАП іске қосылды.

Нысандардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен, заманауи медициналық техникамен жабдықталған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келеді.

Бұл жобаларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғынын медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу