Республикадағы NEET жастар үлесі 6,5%-ды құрайды

394

2022 жылдың екінші тоқсанындағы деректерге сәйкес, 15 жастан 28 жасқа дейінгі білімі бар жастар саны 3,24 млн адам болды. Былтырғы жылға қарағанда 177,1 мың адамға аз.

Республикадағы NEET жастар үлесі 6,5%-ды құрайды

Еліміз бойынша NEET (Not in Education, Employment or Training) жастар үлесі 6,5%-ды құрайды. Олардың жұмысы да, оқуы да жоқ, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұмыс күшіне 1,81 млн адам кірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға аз. Олардың ішінде 1,74 млн адам жұмыспен қамтылса, 68,5 мың адам – жұмыссыз.  

Бұдан бөлек жұмыс күшінің құрамына кірмейтін 1,43 млн адам бар. Бұл 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 6,6%-ға көп.

Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы 1,29 млн адам күндізгі оқу нысанында оқитындықтан, жұмыс күшінің құрамына кірмейді. Олардың саны былтырмен салыстырғанда бір жылда 8,3%-ға артты. 

Өңірлік бөліністе құлықсыз жастардың ең көп үлесі Ұлытау облысында (12,6%) тіркелді. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан (10,8%) мен Қарағанды облысы (9,2%) орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу