Республикадағы суару желілерінің жартысынан астамы әбден тозған

782

Депутат салаға жаңа технологиялар енгізуді ұсынды.

Республикадағы суару желілерінің жартысынан астамы әбден тозған

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қайнар Абасов егістіктерді суару желілері турады сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Айтуынша еліміздегі мұндай құбырлардың көбі тозған, жаңғыртуды қажет етеді. 

"Республикалық меншікте ұзындығы шамамен 20 мың шақырым болатын 3298 суару желісі бар, оның 11,9 мың шақырымы тозығы жеткен, соның салдарынан ауыл шаруашылығы жерлері сумен толық қамтамасыз етілмей келеді. Нәтижесінде, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, 600 мың гектар жаңа суармалы жерлерді игерудің және оларды 2,2 млн гектарға дейін жеткізудің орнына іс жүзінде қолда бар суармалы жерлер азаюда. Ал суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша нақты шаралар бүгінгі күнге қабылданған жоқ", – деді спикер Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында. 

Бұл ретте Қайнар Абасов салаға жаңа технологияларды енгізу қажет деген тоқтамға келген. 

"Бұл табысты 1 гектардан 10 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды және жан-жақты, кешенді, стратегиялық шешімдер қабылдауды талап етеді. Ирригациялық жүйелерді қалпына келтірумен бірге, заманауи ылғал үнемдейтін технологияларды жаппай енгізу керек", – деді депутат. 

Осы орайда мәжілісмен заманауи ирригациялық жүйелер салу, қазіргі қолданыстағы желілерді жаңғыртуды, су үнемдеу технологияларын енгізуге қарастырылған субсидияның көлемін 50% емес, 80%-ға дейін ұлғайтуды ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу