Республикалық акция аясында 100 тал егілді

200

Атап өту керек, 27 сәуір күні қала бойынша тағы 9000-дай түп ағаш егілмек.

Республикалық акция аясында 100 тал егілді Фото: gov.kz

Жезқазған қаласында ағаш егу науқаны басталды. Бүгін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция аясында еріктілер "Наурыз" саябағында 100 тал екті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына облыстық "Жастар ресурстық орталығының" жастары қатысты.

Мақсат  жергілікті тұрғындарды қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке ынталандыру.

Филиал жетекшісі Дарын Төлеубай экологиялық шара қаланың тыныс- тіршілігі үшін аса маңызды екенін айтып, тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу