Республикалық бюджет қайта қаралды

802

Доллардың орташа жылдық бағымы 440 теңге болып белгіленді. 

Республикалық бюджет қайта қаралды

Әлемде және елде қалыптасқан шараларға байланысты сәуір айында республикалық бюджет қайта қаралды, нақтыланды, деп мәлімдеді Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

"Республикалық бюджет қайта қаралып, нақтыланды. Атап айтсақ номиналды жалпы ішкі өнім 4,8 трлн теңгеге төмендетілді. Мұнай бағасы алдын ала жоспарланған 1 баррелі үшін 55 доллардан 20 долларға төмендетілді. Доллардың орташа жылдық бағымы 440 теңгеге жоғарылады. Ал инфляция деңгейі 9-11% дәлізінде болады деп белгіленді. Осы орайда бұл консервитивті болжам екенін айтқым келеді. Себебі ең қиынына дайын болып, барлығы жақсы болады деп үміттенуіміз керек", – деді Қаржы министрі. 

Сонымен қатар Қаржы министрі бюджетті нақтылаудың негізгі себебі халықты қолдау, жұмыс орындарын құру екенін айтты.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу