banner

Республикалық бюджет шығыстары біртіндеп ұлғайтылады

Әзірге 2025 жылға дейін ғана.

Республикалық бюджет шығыстары біртіндеп ұлғайтылады Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Сенат отырысында елдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикалық бюджет шығыстары 2023 жылы 21,0 трлн теңгеден 2025 жылы 22,6 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды деп жоспарлануда. Жалпы ішкі өнімге қатысты олардың 2023 жылы 17,4%-дан 2024-2025 жылдары 16%-ға дейін төмендеуі болжанып отыр", – деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар ол бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге қатысты 2023 жылы 2,7%, 2024-2025 жылдары тиісінше 2,6% және 2,5% дейін төмендету жоспарланғанын атап өтті.

"Мұнайға қатысты емес бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 2023 жылы 6,8%-дан 2025 жылы 5,3%-ға дейін төмендеуі болжанады", - деді ведомство басшысы Сенат отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу