Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі мегаполистерге беріледі

1186

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі мегаполистерге беріледі

Биыл өңірлердегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдауға бөлінген республикалық бюджет қаражаты 41 пайызға ұлғайып, 545,1 млрд теңгеге жетті, деп жазады finprom.kz сараптама қызметі мәліметіне сүйеніп naryk.kz. 

Соның ішінде 109,3 млрд теңге “Нұрлы жер” бағдарламасына тиесілі болса, 104,3 млрд теңге білім беруге, ал 71 млрд теңге автокөлік жолдарын жөндеуге бағытталған.

Алғашқы төрт айда 142 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен 77 пайызға артық.

Бөлінген қаржының жартысынан көбі Астана, Алматы қалалары мен ОҚО-ға тиесілі. Астанаға 206,4 млрд теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Ал Алматыға бөлінген қаржы керісінше 37 пайызға азайып, 46,9 млрд теңгені құрады. ОҚО трансферті 2 есеге артып 42,2 млрд теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу