Республикалық бюджеттің 13 млрд теңгесі игерілмеді

803

Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республикалық бюджеттің 13 млрд теңгесі игерілмеді

"Мемлекеттік бюджеттің шығысы – 99,7%, республикалық бюджеттің шығысы – 99,8%, жергілікті бюджеттің шығысы 99,7% атқарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары болды. Республикалық бюджеттен 11 трлн теңге шығыс жүргізілді. Бюджеттің орындалмауы 19 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 6 млрд теңге үнемдеуге жатады. Игерілмегені – 13 млрд теңге", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау, Әдiлет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бюджет қаражатын мерзімінде игере алмай жатыр.

"Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді. 1 қазанда 1 трлн 525 млрд теңге бөлінді. Қаржының 99,5%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 7 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 3 млрд теңге, игерілмегені – 4 млрд теңге. Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында шығыстарды игеру қарқыны төмен", – деп қорытты сөзін Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу