Республикалық бюджеттің шығыс көлемі көбейеді

810

Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылғы республикалық бюджеттің шығыс көлемін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республикалық бюджеттің шығыс көлемі көбейеді

"Жалпы ішкі өнімге қатысты бюджет тапшылығы 2022 жылы – 3,3% деңгейінде қалыптасып, 2024 жылы – 2,5%-ға дейін төмендейді деп болжанды", – деді министр.

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, республикалық бюджет шығысы 2022 жылы –  15,9 трлн теңге, 2023 жылы – 15,6 трлн теңге, 2024 жылы – 16 трлн теңге көлемінде болуы мүмкін. 

"Үш жылдық бюджет жобасын қалыптастыру мемлекеттік жоспарлау жүйесін трансформациялау жағдайында жүзеге асырылды. Жылдың басында қабылданған жалпыұлттық басымдықтар мен ел дамуының ұлттық жоспары бюджет саясатының басымдығын айқындады. Мемлекеттік органдардың қаржылық қажеттілігіне олардың дамыту жоспарының мақсаты мен нысаналы индикаторларына сәйкес басымдық берілді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу