Республикалық күре жолдар ашық

"ҚазАвтоЖол" күн райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.

Республикалық күре жолдар ашық Фото: inbusiness.kz

Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. 
Қалыптасқан ауа-райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол". 

Республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады. 

"Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды", – деп хабарлады компанияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу