"КазАвтоЖол ҰК" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы:
- Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы;
- Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы;
- Балкашин ауылы – Атбасар қаласы;
- Астрахан ауылы – Атбасар қаласы;
- Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы.
Қостанай облысы:
- Октябрьский кенті – Ақмола облысының шекарасы;
- Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы.
Cолтүстік Қазақстан облысы:
- Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін.
Жолды 2026 жылғы 10 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
- жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
- алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу