Республикалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды

807

Биыл медальдар саны былтырғымен салыстырғанда көп болды. 

Республикалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олимпиадада 919 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс, 462 оқушы қола медаль алды.

Оқушылар арасындағы білім сайысы Oqylyq.kz-те электронды форматта өтті. Академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиада бейнебақылау жүйесімен, тәуелсіз бақылаушылармен қамтамасыз етілді.

"Енді жеңімпаздар іріктеуден кейін олимпиадалық резервке түсіп, олар үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Олардан Қазақстан намысын халықаралық олимпиадаларда қорғайтын Ұлттық құрама жасақталады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 оқушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алды. 

Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңге 96 443 оқушы, облыстық кезеңге 14 369 оқушы қатысты, ал шешуші кезеңде 2 070 оқушы жүлделі орындарды сарапқа салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу