Республикалық референдумға 359 халықаралық байқаушы тіркелді

110

Референдумге халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды. 

Республикалық референдумға 359 халықаралық байқаушы тіркелді   Фото: Орталық сайлау комиссия

Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, 38 шетелден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 байқаушы аккредитациядан өткен. Халықаралық байқаушылардың жалпы саны – 359 адам.

– Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткен жөн. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейімділігіміздің, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, – деді Нұрлан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу